Токио-2020: Дархан Асадилов жартылай финалға шықты

Токио-2020: Дархан Асадилов жартылай финалға шықты

Токио-2020: Дархан Асадилов жартылай финалға шықты
ашық дереккөзі
Токио Олимпиадасында қазақстандық Дархан Асадилов (67 келі) каратэ-додан жартылай финалға шықты. Үшінші жекпе-жегінде ол Саго Наотодан 3:0 есебімен басым түсті. Ол бұған дейін әзербайжандық Фирдовси Фарзалиев және түркиялық Эрай Самданнан айласын асырды. Дархан Асадилов 1987 жылы 8 тамызда дүниеге келген. Әлем чемпионатында екі мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінді. Азия чемпионатында бірнеше дүркін жүлделі болды. Енді Дархан Асадилов жартылай финалда шеберлік байқасады. Оған екі топта алғашқы екі орынға ие болған спортшылар шықты. Төрт спортшы өзара кездесіп, жүлделі орындарды сарапқа салады.