«Сонда «у шашып жүр» деген рас па?»: Нұрболхан Шарапов жалған ақпаратқа сенетінін айтып, елді дүрліктірді

Әзілкеш Нұрболхан Шарапов әлеуметтік желіде тарап жатқан жалған ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, «у шашып жүр» деген ақпаратқа сенетінін жанамалап жеткізді. Бұл туралы ол өзінің instagram-дағы парақшасына жазды.

Мына видео тарап жүр интернетте. Масаны улап жүр дейiн десең, масадан келетiн қауiп жоқ қой. Әйтпесе, Атырау, Оралдың халқы масадан қырылыпты деген ақпарат бұған дейiн тарайтын едi ғой. Оның үстiне, көлiктiң номерiне қарасаң Астана ғой. Сосын, неге именно түнде улауға шығады? Күндiз ше? Тағы мына жiгiттер неге үнсiз қарап тұр видеоға?

Егер, билiктен «маса улауға» деген қағазы болса, видео түсiрген көкеме «Аға, даурықпаңыз. Мiне, әкiмшiлiктен қағаз бар» деп, неге көрсетiп ақталмады? Неге үнсiз? Демек, жауап бере алмай, приказ орындап жүрген шығар?

Сонда осы уақытқа дейiнгi қаңқу әңгiме айналған «у шашып жүр» деген әңгiме рас па? Егер сол рас болса, статистика, үрей тудыру үшiн, вакцинаға итермелеу үшiн әрине күнiне 6 000 адам вирус жұқтырды деген ақпарат шындыққа жанасады. Әрине, адамдар ковидтен көз жұмады, – дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, жақында әлеуметтік желілерде белгісіз біреулердің у шашып жүргені туралы жалған ақпарат тараған болатын.

Back to top button