Токио – 2021: Данияр Қайсанов ширек финалға шықты

Еркін күрестен Азияның екі дүркін чемпионы және әлем чемпионатының қола жүлдегері Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

74 келідегі бірінші белдесуінде Данияр жапониялық Кейсуке Отогуроны жықты. Ал жартылай финалға жолдама үшін Қайсанов мысырлық Реда Рамадан Хуссейнмен боз кілемге шығады.

Back to top button