Бәрімен дос

Ресей мен Қытай АҚШ-ты Қазақстаннан ығыстыра ала ма?

Редакциядан: Жуықта Carnegie.ru сайтында Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты сараптамалық мақала жарық көрді. Мақалада Қазақстанның Ресей, Қытай және АҚШ-пен байланысы жан-жақты сарапталып, талданып жазылған. Мұндағы көтеріл­ген мәселелер еліміз үшін маңызды болғандықтан біз Темур Умаров­тың материалын қазақ тіліне аударып, газет бетіне жария­лауды жөн санадық.

Қазақстан үшін АҚШ-пен жақын болуы – бұл елде Ресей мен Қы­тай­дың ықпалын теңестіру стратегиясының маңызды бөлігі. Өйткені көр­ші екі ірі елдің кейбір әрекеті Қазақстан басшылығының елеулі алаңдаушылығын туғызады.

Егер Ресейдің негізгі одақ­тасы баты­сында − Беларусь, ал шығысында Қытай болса, оңтүстігінде Қазақстан екені анық. Қазақстан Ресеймен әлем­дегі ең ұзын құрлық ше­карасына ие, шамамен жеті мы­ң шақырымдай. Сонымен қатар ол үнемі Мәскеудің ТМД, ШЫҰ, ЕАЭО, ҰҚШҰ және т.б интеграциялық жо­ба­­лары­на қатысады. Прези­дент кезінде Вла­димир Путин Қазақстанға жиі келді (28 рет), ал Дмитрий Медведев пре­зидент ретіндегі алғашқы шетелдік сапарын Қазақстан­нан бастады.

Бұл ретте Қазақстан Қытайдың Ор­та Азиядағы басты серіктесі және Бейжің аймақтағы ауқымды бастамаларының маңызды серіктесі саналады. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин «Бір белдеу және бір жол» бастамасының құр­лықтағы бөлігін іске қосу туралы алғаш Қазақстанда хабарлады.
Еуразияның екі ірі державасының арасынан орын тепкен Қазақстан АҚШ-тың Орта Азиядағы басты серіктесі бо­лып отыр. Яғни, ел бірегей диплома­тия­лық тепе-теңдікті ұстанады: ол бір мезгілде Ре­сеймен, Қытаймен және АҚШ-пен тұрақ­ты қарым-қатынасты сақтайды. Алайда әлемдік державалар арасындағы қарама-қайшылық тереңдеген сайын, олардың өзара қарсылықтарына қосылмай, геосаяси тепе-теңдікті сақтау Қазақстан үшін қиындық тудыруы мүмкін.

Экономикалық мүдделер

АҚШ пен Орта Азия елдерінің қа­рым-қатынасы қазір шиеленісіп тұрғандай. Орта Азия мемлекеттері Америкаға Ресей және Қытаймен арадағы тепе-тең­дікті сақтайтын ел ретінде қарауды тоқ­тат­ты, ал Вашингтон аймаққа деген қы­зығу­шы­лығын жоғалтты. АҚШ-тың Орта Азия­ның саяси дамуына әсер ету әре­кет­тері ты­ғырық­қа тірелгендей, ал эко­но­микалық жа­ғынан қызығатындай дең­гейде болмай тұр. Сондай-ақ Американың Ауғанстаннан кетуіне байланысты әскери қарым-қаты­нас да әлсірейді.

Еуразияның екі ірі державасының арасынан орын тепкен Қазақстан АҚШ-тың Орта Азиядағы басты серіктесі бо­лып отыр. Яғни, ел бірегей диплома­тия­лық тепе-теңдікті ұстанады: ол бір мезгілде Ре­сеймен, Қытаймен және АҚШ-пен тұрақ­ты қарым-қатынасты сақтайды. Алайда әлемдік державалар арасындағы қарама-қайшылық тереңдеген сайын, олардың өзара қарсылықтарына қосылмай, геосаяси тепе-теңдікті сақтау Қазақстан үшін қиындық тудыруы мүмкін.

Алайда Қазақстанның мүддесі аймаққа қатысты кейбір жайларға сәйкес келмейді. Мәселен, Қазақстан үшін Ауғанстан, де­мократия секілді мәселелер ешқашан АҚШ-пен қарым-қатынастағы басты мә­селе болған жоқ. Бірақ экономикалық бай­ланыстар маңызды рөл атқарды.
Берілген кейбір бағалар бойынша Қазақстан бюджетінің 44 пайызы болатын мұнай өнеркәсібіндегі өндіріс бойынша америкалық компаниялар көш бастап тұр. 2019 жылы олардың елдегі өндірілетін мұнайдағы үлесі шамамен 30 пайызға жет­ті. Салыстыру үшін айтсақ, Қазақстандағы қытайлық CNPC, Sinopec және CITIC мұнай компанияларының үлесі – шамамен 17 пайыз, ресейлік «Лукойл» − 3 пайыз.
Chevron мен ExxonMobil екеуі Қазақ­стан­ның ең ірі мұнай өндіруші «Теңіз­шевройл­дың» 75 пайыз акциясына ие. Сонымен қатар әр компанияның шағын жобаларға қатысу үлесі бар. «Шеврон» 2020 жылы компанияға тиесілі әлемдік мұнай қорының 20 пайызы Қазақстанда орна­ласқанын көрсетеді.
Америкалық Fluor, Schlumberger және Baker Hughes компаниялары елдегі мұнай кен орындарына қажет барлық қызметті көрсетеді, қалғандары Қазақстанға өндіріс үшін жабдықтар жеткізеді. Бұл – АҚШ-тың елге жасайтын импортының шамамен үштен бірі.
Қазақстанда мұнай-газ секторынан басқа General Electric, Citibank, Uber, Starbucks, McDonalds т.б. қоса алғанда, жүз­деген америкалық компаниялар жұмыс істейді. Осылайша, 2021 жылдың басында елге келген тікелей америкалық инвес­тициялардың жинақталған көлемі 40 миллиард долларға жетті.
Әрине, Қазақстан мен АҚШ ара­сын­дағы сауданы (2020 ж. 2 миллиард долларға жуық) қазақ-қытай (21,4 миллиард доллар) не­месе қазақ-орыс (19 миллиард доллар) арасындағы саудамен салыстыруға бол­майды. Бірақ бұл – Орта Азияның бар­лық басқа елдерінен үш есе көп (шамамен 0,6 миллиард доллар).

Кокус пен Сорос

Әрине, мұндай экономикалық ынты­мақтастықтың өзі де Қазақстанды АҚШ үшін басты серіктес етпейді, өйткені біздің ел Американың 70 ірі сауда серіктесінің қатарына кірмейді. Бірақ бұл байланыстар олардың басқа салаларда да өзара терең әрекеттесудің негізіне айналуы үшін жет­кілікті.
Вашингтон әу бастан Қазақстанды
Ор­та Азиядағы басты серіктес ретінде қарастырды. Америка Құрама Штаттары сол кездегі астана − Алматыда елшілігін аш­қан бірінші мемлекет болды, ал Нұрсұлтан Назарбаев − Америка Құрама Штаттарына келген Орта Азиядан шыққан бірінші президент болды.
Екі елдің түрлі саяси институттарының өкілдері бір-бірін біледі және жиі кездеседі. 2012 жылдан бастап, Стратегиялық серік­тестік комиссиясы шеңберінде Сыртқы іс­тер министрлерінің саммиттері өткі­зіліп келеді. (Өзбекстан тек 2021 жылға қарай, Шавкат Мирзиёев басқарған бес жылдық рефор­ма­дан кейін Вашингтонның дәл осындай комиссия құратыны жайлы уә­де­сіне қол жеткізді). Қазақстан мен АҚШ-тың Энер­гетика және ғылыми-техникалық ынты­мақ­тастық жөніндегі министрлігі комис­сиялары да бар.
Екі ел арасында қоғамдық, іскерлік деңгейде де қарым-қатынас орнатылған: АҚШ Конгресінде Қазақстанның кокусы (АҚШ-та саясаткерлердің түрлі формадағы қауымдастығын осылай атайды) жұмыс істейді, ал Орта Азияның өзге елдеріне қарағанда, қазақстандықтар арасында америкалық визаны алғандар жиі кездеседі және олардың бас тартқан жағдайы өзге аймақ тұрғындарына қарағанда өте аз.
Әскери салада да ынтымақтастық ор­на­тылды. 2003 жылдан бастап Қазақстан жыл сайын НАТО-мен «Дала қыраны» бір­лескен жаттығуларын өткізеді. 2004-2019 жылдар аралығында Америка Құрама Штат­тары Қазақстанға 43 миллион дол­ларлық қару-жарақ жеткізді, бұл – аймақ­тағы өзге елдерге жеткізгендердің бәрінен көп.
Қазақстан мен АҚШ-тың тығыз қарым-қатынасына Қазақстанның мемлекеттік идеологиясында Ресейге және посткеңестік елдерге, батысқа қарсы көзқарасы жоғы да ықпал етеді.
Қазақстанда Ресейде қажетсіз деп та­нылған Соростың «Ашық қоғам» қоры сияқты батыстық үкіметтік емес ұйымдар бар. Бұрынғы Әлеуметтік даму министрі Дархан Кәлетаевтың айтуынша, Қазақ­стан­дағы үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын 13,6 миллион долларлық шетелдік грант­тар алады және бұл соманың 70 пайы­зы АҚШ-тан келеді. Ал мыңдаған жас қа­зақстандық 1993 жылы Назарбаев не­гізін қалаған беделді «Болашақ» білім беру бағдарламасы бойынша АҚШ -та оқыды.

Егемендікке қауіп төндіру

Қазақстан үшін АҚШ-пен жақын болу − елде Ресей мен Қытайдың ықпалын теңес­тіру стратегиясының маңызды бөлігі. Өйт­­кені көрші екі ірі елдің кейбір әрекеті Қа­­зақстан басшылығының елеулі алаңдау­шылығын туғызады.
Мысалы, ресейлік саясаткерлер мен депутаттар Қазақстанның аумақтық тұтас­тығына ашық түрде күмән келтіруі мүмкін, ал Сыртқы істер министрлігі мен Кремль мұндай риториканы тоқтатуға асығар емес. Президент Путиннің өзі көпшілік алдында көрші мемлекеттерінің жерлерін «орыс халқының жомарттықпен жасаған сыйлығы» деп атады. Оның сондай-ақ 2014 жылы «Нұрсұлтан Назарбаев билікке келмес бұрын қазақтарда ешқашан мем­лекеттілік болмаған» деп айтқаны бар.
Бұдан бөлек, Мәскеу қазақстандық әріп­тестерін Батыспен жақындасқаны үшін сынға алды. Мысалы, 2018 жылы министр Лавров Қазақстанның Каспий теңізі порттары арқылы Ауғанстанға Аме­риканың әскери мақсатқа жатпайтын жүк­терін өткізуге Қазақстанның келісім бергеніне наразылық білдірді. Содан кейін Пентагон Қазақстандағы екі биологиялық зерт­хананы қалпына келтіруді қаржылан­дыруы да Мәскеудің ашуына тиді. Вла­ди­мир Соловьев бұл зертханаларды бомба­лау­ды ұсынды, бірақ олардың біреуі Алма­тыда – миллионнан астам халқы бар қала ішінде орналасқан. Қазақстанның 2015 жылы АҚШ пен кейбір Еуропа елдерінің азаматтарына қысқамерзімді визаны алып тастауы да Ресей сынына себеп болды.
Қазақстан тағы бір көршісі Қытаймен де осындай проблемаларға тап болды. 2020 жылдың көктемінде қытайлық бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстанның кейбір аумағы Қытайға тиесілі деп мәлімдейтін «Қазақстан неге Қытайға оралуға тырыса­ды?» деген мақаланы қайта басып шығарды. ҚХР-да интернет-цензураның қаталдығына қарамастан бұл мақала Қытай елшісі Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне шақырылғанға дейін ашық тұрды. Ал мақаланың көшіріп басқан нұсқасын қазір де өзге сайттардан табуға болады.
Қазақстанның мұндай шабуылдарға жауабын бірнеше элементтерге бөлуге бо­лады. Біріншіден, ел басшылығы нара­зы­лығын білдіреді, бірақ ол дипломатиялық хаттама шеңберінен шықпайды.
Жыл басында бірнеше ресейлік депутат «Қазақстанның кейбір аумағы – Ресей мен Кеңес Одағының үлкен сыйы» деп жария­л­аған кезде, Қазақстан Сыртқы істер ми­нистр­лігі Ресей Федерациясының Қазақ­стандағы Уақытша сенімді өкілі Александр Комаровқа наразылық нотасын тапсырды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетінде мақаласы жарияланды. Онда: «Ата-бабадан мұраға қалған қасиетті жеріміз − біздің басты байлығымыз. Бізге оны ешкім сыйға берген жоқ. Отандық тарихымыз 1991 не­месе 1936 жылы басталған жоқ» деп жазды.

Бұл тепе-теңдік Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының негізі саналады жә­не оны сырттан келіп бұзуға қарсы тұрады. Билік транзитіне қарамастан, жақын арада елде бұл бағыттың өзгеруі екіталай. Қазақ­станның екінші Президентінің өзі осы тепе-теңдікі ұстап тұра алатын саяси қай­раткер. Қасым-Жомарт Тоқаев − қытай­танушы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген, БҰҰ-да дипломатиялық қызмет атқарған тұлға.

Екіншіден, Қазақстан (әсіресе 2014 жыл­ғы украин оқиғасынан кейін) ел ішін­дегі сепаратизм көріністерімен белсенді күрес жүргізе бастады. Әлеуметтік желілер­де ресейшіл қауымдастықтар бұғаттала бас­тады, әсіресе Қырым тағдырын қай­та­лағысы келетін белсенді адамдар жауапқа тартылды.
Үшіншіден, Қазақстан Ресейдің мәдени ықпалын шектеуге барынша белсенді түрде әрекет етіп жатыр. Бұл жерде тіл саясаты маңыз­­ды рөл атқарады. Соңғы жылдары қазақ ті­лінің рөлі тез өсті: тіл білмей­тін­дерді көптеген жоғары оқу орындары қа­был­­дамайды. Кириллден латын әліп­биіне көшу және қазақ емлесін реформалау жал­ғасып жатыр − мысалы, 2023 жылға қарай барлық мектепті жаңа әліпбиде оқы­туға көшіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар билік ресейлік телеар­налардың хабар таратуына шектеу қойып отыр.
Реакцияның төртінші бағыты − бұл Ре­сеймен, Қытаймен және АҚШ-пен достық байланыстарды қолдау, мұның қайтарымы ретінде державалардан түрлі жеңілдіктерге мүмкіндік алғысы келеді. Мысалы, Вашингтон демократия мен адам құқықтары саласындағы барлық проб­ле­маға қарамастан, Нұр-Сұлтанмен ын­тымақтастықты жалғастырып жатыр. Мәскеу 1991 жылдан бері Қазақстанға құны 2,5 миллиард доллар тұратын қару-жарақ жеткізді. 2018 жылдан бастап Қытай қазақстандық шаруалар үшін өзінің үлкен ішкі нарығына жол ашуды бастады.

Не әрі емес, не бері емес…

Бұл жағдайдың екінші жағы бар, ол − державалардың өзара текетіресінде Қа­зақ­станды әрқайсысының өз жағына үнемі шақыруы.
Бұл жағынан алғанда, Мәскеу барынша белсенді, бірақ Нұр-Сұлтан оны сирек қол­дайды және бейтараптықты сақтауға тыры­сады. Мысалы, Қазақстан Қырымды Ресей территориясы ретінде мойында­май­ды, бірақ Президент Тоқаев бұл оқиғаны «аннексия» деп атаудан бас тартады. Қа­зақ­стан, сонымен қатар Ресейге қарсы санк­ция­ларға қосылудан бас тартады, мұны «Батыс санкциялары негізінен саяси себеп­терге негізделген және ЕАЭО-ның бәріне емес, жекелеген мемлекеттеріне бағыттал­ған» деп түсіндіреді.
Қытай да Қазақстанды АҚШ-пен қақ­ты­ғыста өз жағында көргісі келеді. Қытай + Орта Азия (C + C5) форматындағы бі­рінші бетпе-бет кездесуде Бейжің аймақ­тың барлық елін Вашингтонға Ауған­стан­нан «жауапкершілікпен әскерлерді шы­ғарып алуды» сұрауға шақырды. Ха­лық­ара­лық қолдауды қажет ететін ҚХР үшін маңызды тақырып − Шыңжаң. Қазақстан, бір жағынан, құқық қорғаушылар мен халықаралық БАҚ-тың ұйғырларды жап­пай қудалауы туралы хабарларына сенуден бас тартады, бірақ екінші жағынан, ол мы­салы Ресей сияқты Шыңжаңдағы ҚХР сая­сатын қолдайтын хаттарға қол қой­майды және жақында қытай-қазақ ше­карасын заңсыз кесіп өткен қытай азамат­тарына босқын мәртебесін берді.
Америка Құрама Штаттары, әсіресе Қы­­таймен қарсыласу мәселесінде Қазақ­стан­ды өз мақсаттарымен ынтымақта болуы­на қол жеткізгісі келеді. Бұрынғы әкімшілік мұны ашық түрде жасады. 2020 жылдың ақпанында АҚШ-тың сол кездегі Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қа­зақстанға сапары кезінде бұл елдің Қытай ықпалына қарсы тұруының қаншалықты маңызды екені туралы да айтып өтті.
Қазақстан үшін тепе-теңдікті сақтау қиын­дай түсуде: Қытай мен АҚШ арасын­дағы қарама-қайшылықтардың өсуінен ұқыпты түрде жасалған дипломатиялық шеңберден шығып кету жағдайы бар, бірақ Қазақстанның бір уақытта барлығымен дос болудан және барлығымен белгілі бір қашықтықты сақтаудан басқа амалы жоқ. Сонымен қатар ұлы державаларда Қазақ­станды бір жағына абсолютті адалдық танытуға мәжбүрлейтін құралдар жоқ.
Мәскеу мен Бейжің тура мағынада, Қа­зақ­станнан қашып құтыла алмайды. Со­нымен қатар Ресей соңғы адал серік­тес­терінің бірімен арадағы байланысты үзуге мүдделі емес, онсыз Еуразия экономикалық одағын немесе Ұжымдық қауіпсіздік тура­лы шарт ұйымын елестету қиын.
Бейжің үшін Шыңжаң Ұйғыр автоно­миялық ауданының ірі көршісінің ай­мақтағы тұрақтылыққа үлес қосуын жал­ғастыруы, қытайлық инвесторларды қарсы алуы және Қытай, посткеңестік кеңістік пен Еуропа арасындағы негізгі транзиттік функцияны атқаруы маңызды. Қазақстан Си Цзиньпиннің жетекші инфрақұры­лым­дық жобасы − Жібек жолы экономикалық белдеуінде шешуші рөл атқарады.
Америка Құрама Штаттары үшін Қа­зақ­стан – Орта Азиядағы Американың қа­тысуына қызығушылық танытатын жал­ғыз серіктес, Қырғыз Республикасы немесе Каримовтің кезіндегі Өзбекстан сияқты қысқамерзімді пайда табу үшін шешімдерін олай-былай өзгерте бермейді.
Бұл тепе-теңдік Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының негізі саналады жә­не оны сырттан келіп бұзуға қарсы тұрады. Билік транзитіне қарамастан, жақын арада елде бұл бағыттың өзгеруі екіталай. Қазақ­станның екінші Президентінің өзі осы тепе-теңдікі ұстап тұра алатын саяси қай­раткер. Қасым-Жомарт Тоқаев − қытай­танушы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген, БҰҰ-да дипломатиялық қызмет атқарған тұлға.

Темур УМАРОВ

(Мақала «Диалог Ресей − АҚШ: Ұрпақтардың ауысуы» жобасы аясында жарияланған. Мақалада айтылған пікірлер автордың жеке көзқарасын көрсетеді. Аударған – Ахмет Өмірзақ).

 

Back to top button