Вакцина алған Атырау облысының екі тұрғыны миллионер атанды

Атырау облысы Құрманғазы ауданының екі тұрғыны 3 млн теңгенің сертификатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, «Екпе ал және ақшалай жүлде ұтып ал» акциясы аясында облыстық телеарнаның тікелей эфирінде Атырау облысының Азаматтық Альянсы атынан ақшалай жүлделерді ойнатудың үшінші кезеңі өтті. ​

Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Айман Жармұхамбетоваға миллион теңгеге алғашқы сертификатты Құрманғазы аудандық ауруханасының директоры Гүлсара Мутиева табыс етті. Сертификатқа «Атырау облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Әлібек Семғалиев қол қойды.

30 Шілдеде Айман Жармұхамбетова емханада «Спутник-V» вакцинасының бірінші компонентін алды.

Үш күннен кейін Ақкөл ауылдық округінің тұрғыны, Ақкөл ауылдық округінің дәрігерлік емханасының автокөлік жүргізушісі Насипулла Гарифов ұтыс ойынының екінші жеңімпазы атанды. Ол Спутник-V вакцинасының бірінші компонентін 11 шілдеде, ал екіншісін 29 шілдеде алды. Жеңімпазға 3 миллион теңге сомасындағы сертификатты Ақкөл ауылдық емханасының дәрігері Әсел Қабдолова табыс етті.

Back to top button