5 тамызда қандай елеулі оқиғалар болған?

5 тамызда қандай елеулі оқиғалар болған?

5 тамызда қандай елеулі оқиғалар болған?
ашық дереккөзі
(1997) Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігінде Елбасы Н.Назарбаевтың қытай тілінде жарық көрген Ғасырлар тоғысында кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді. (1999) Қазақстан, Эквадор, Ирландия, Малайзия мен Тунис жаппай қарусыздану жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы конференциясының құрамына кірді. (2005) Оралға Татарстан-Қазақстан бейбітшілік және достық автокеруені келді. Автокеруен Қазан қаласының 1000 жылдығына және Набережные Челны қаласының 75 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 10 жылдықтарына арналған. Керуен құрамына 30 адам кірді, оның 20-ы мүгедек-спортшылар. Ұйымдастырушысы - Еділ-Жайық қайырымдылық қоры. Автокеруенге қатысушылар Орал қаласының көз тартарлық жерлерімен танысып, шахматтан және дойбыдан жолдастық кездесулер, Достық үйінде ұлттық мәдениет орталықтар өкілдері қатысқан кездесулер өткізілді. (2007) Алматыда қазақ тілінде әлем ертегілері енгізілген алғашқы CD-дің тұсаукесер рәсімі өтті. Барлық материалдарды Қазақ радиосының редакциясы тапсырған. Бұл үнтаспаның бір ерекшелігі, барлық материалдар қазақ тіліне аударылған. Ертегілер мемлекеттiк тiлдi үйренгісі келген адамдарға арналған бағалы оқу құралы болып табылады. Жалпы 6 үнтаспа шығарылған, әрқайсысының ұзақтығы - 100 минут. Әр CD-ға 10-12 ертегі енген, соның ішінде Мысық пен қоян, Арыстан мен түлкі, Ақылды адам және т.б. ертегілер бар. (2008) Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Есіл ауданы құрылды. Ол Астана қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, Елорданың Алматы, Сарыарқа және Ақмола облысының Целиноград аудандарымен шектеседі. Жалпы ауданы - 31,2 мың гектар жерді құрайды. Ауданға кіретін тұрғын алаптары - Пригородный, Ильинка, Шұбар, Тельман, Қараөткел, Заречный. Ауданда Керуен, Мега, Сарыарқа сияқты ірі сауда орталықтары бар. (2010) Оралда батысқазақстандық қазақ драма театрында Қанатты әйел-3 идеялар мен тауарлар жәрмеңкесі өтті. (2010) Австрияның Қазақстандағы елшілігі Тәңір-Ұмай галереясында Барбара Цайдлердің Europe, work in progress фотожобасы ұсынылды. (2010) таза күмістен, алтыннан және гауһардан жасалған скрипка кілтін Жаңа толқын 2010 байқауының қазақстандық финалшысы Қайрат Түнтеков әкелді. (2011) Астанада Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің Қарулы күштері шифрлау бөлімі бастықтарының кеңесі өтті. (2011) Қазақстанда БҰҰ ДБ мен ҚР Үкіметімен бірлескен Жаһандық экологиялық қор іске асырған сулы-батпақты алқаптарды сақтау бойынша 7 жылдық жобаны аяқтады. (2011) Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайына 1930 жылдары салынған белгілі суретші Александр Риттихтің 4 картинасы сыйға тартылды. (2012) екі дүркін олимпиада чемпионы, әлем рекордшысы Илья Ильин жаңа олимпиадалық рекорд орнатып, біздің команда қанжығасына 5-ші алтын әкелді. (2013) Астанада Ақпараттың дәйектілігін бағалау орталығы ашылды. (2013) Астанада Қазақстан тарихында алғаш рет шаңғы роллері бойынша ашық елорда кубогы өтті. (2013) Талдықорғанда қала азаматтарын шаруашылық, әлеуметтік-мәдени абаттандыру мәселелерін шешуге, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау мәселелеріне белсенді қатысуға тартуға жәрдемдесетін кварталдық комитеттер жұмыс істей бастады. (2013) Алматыда Астана алаңында ең үлкен скейтборд таныстырылды. (2013) Қостанай қалалық мәслихатының депутаттары А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректораты мен оқу кеңесінің қолдаухатын қарап, қоғам қайраткері, ғалым, жазушы Ақылбек Шаяхметовке Қостанай қ. құрметті азаматы атағын беру шешімін қабылдады. (2013) Екібастұзда балаларға арналған спорт-ойын кешені ашылды. (2014) Астанада Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де білім беру гранттарын беру комиссиясы жұмысын бастады. (2014) Шымкентте жаяу жүргіншілер белгілерін орнату үшін 28 млн. теңге бөлінді. Жаңа белгілер күн батареяларымен жұмыс істейді. Қаланың 38 көшесінде 90 автономды светодиодты белгі орнатылды.