Жаңалықтар

Даниал Ахметов коронавирустың ауыр түріне шалдыққан науқастарға донор болды

ашық дереккөзі

Даниал Ахметов коронавирустың ауыр түріне шалдыққан науқастарға донор болды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов коронавирустың ауыр түріне шалдыққан науқастар үшін плазма тапсырып, донор болды. Бұл туралы әкім instagram-дағы парақшасында мәлімдеді. Бүгін мен барлық қажетті талдаулардан өткеннен кейін плазма доноры болдым. Қан орталығы дәрігерлерінің қадағалауымен 600 миллилитр плазма тапсырдым. Орталық мамандарының жоғары кәсібилігінің арқасында процедура жағымсыз әсерлерсіз әрі жеңіл өтті. Мені бұл қадамға не итермеледі? Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде бұл иммундық плазма COVID-19 вирусының ауыр түрімен сырқаттанған науқастарды емдеудің тиімді құралы ретінде дәлелденген. Біздің облыс плазма банкін құрған бірінші аймақ екенін еске салғым келеді. Тек осы аптада 234 доза дайындалды. Донор болғысы келетіндердің көбейіп келе жатқаны қуантады. Айта кету керек, плазманы коронавируспен ауыратындар да, екі ай өтсе, мен сияқты вакцина салғандар да тапсыра алады. Менің қанымдағы антиденелер титрі өте жоғары. Сондықтан, мен бүгін тапсырған плазма дозасы ауыр хәлде жатқан үш науқасқа көмектесе алады. Мен денсаулықтарыңыздың мықты болуын және ауырмауларыңызды тілеймін! - деп жазды Даниал Ахметов.