17 жастағы түркістандық жігіт beauty-блогер болып жүр

17 жастағы түркістандық жігіт beauty-блогер болып жүр

17 жастағы түркістандық жігіт beauty-блогер болып жүр
ашық дереккөзі

Кәсіп пен мамандық жынысқа бөлінбейді. Бүгінде ер-азаматтардың арасынан шаш әрлеуші мен киім дизайнерлері жетерлік. Солардың бірі – Сабыржан Кизбаев. Әлеуметтік желі арқылы танымалдылығы артып, тұтынушылары көбейген. Бұл туралы ernur.kz хабарлайды. 

 width=  
– Өзім әжемнің қолында өстім. Әжемнің ерке баласы болдым десем де болады. Әжем менің кез-келген ісімді қолдайтын. Алғашқы кезде туысқандарым мен достарымның арасында бұл ісімді қолдамай, қарсылық білдіргендер де болды. Әлеуметтік желідегі видеоларыма жаман пікір қалдыратындар да бар. Бірақ мен оларға мән бермеймін. Керісінше осы пікірлерден мен өзімді алдыңғы қатарда екенімді ұғамын. Арманыма жету жолында маған ешкімнің сөзі кедергі болған жоқ. Бастысы бұл кәсібімді әжем қолдады. Әйел адамдармен жұмыс жасау тіл табысу өте оңай. Мені Түркістанда біраз адамдар таниды. Басқа салондардан да жиі ұсыныстар түсіп жатады. Бастысы қыздар өзінің ең маңызды күнінде маған сенім білдіріп мені таңдағандары еңбегімнің ақталғаны деп білемін. Бұл кәсібіме қолдау білдіретін жандардан бөлек «басқа мамандық таңдамадың ба?», «неге таңдадың?» деп теріс пікір білдіретіндер де бар. Оларға айтар жауабым біреу ғана – мамандығым өзіме ұнайды және бастысы, адал табыс,– дейді жас бьюти блогер.
Визажист мамандығына бала күнінен қызыққан. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ,  түрлі курстарға барып, білімін жетілдіріпті. Мектепті бітірген соң Алматы қаласында біліктілігін арттырып, небәрі 17 жасында өзінің еңбек жолын бастаған екен. Арманы – сұлулық салонын ашу.