Covid-19: Қазақстандық ғалымдар нанокапсула әзірлеп жатыр

Covid-19: Қазақстандық ғалымдар нанокапсула әзірлеп жатыр

Covid-19: Қазақстандық ғалымдар нанокапсула әзірлеп жатыр
ашық дереккөзі

Нанокапсуланы қазақстандық ғалым Қайсар Табыновтың жасап жатқаны белгілі болды. Бұл туралы Профилактикалық медицина академиясының президенті, америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман айтты, деп хабарлайды Казинформбюро. 

– Нанокапсула әзірлеу  – өте қызық бағыт. Қазір осымен жұмыс істеп жатыр. Өткен ғасырдың 50-жылдары да вакцинаны ағзаға ине арқылы енгізген. Кейін ішінде профессор Чумаков бар бірнеше ғалым капсула түрінде вакцина ойлап тапты. Сол сияқты қазір бірнеше жаңа ұжым осымен жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, мұрынға арналған тамшы түріндегі вакцина жасалмақ. Мұнда үлкен логика бар. Өйткені, коронавирус бірінші кезекте мұрынға жиналады, – деді Алмаз Шарман. Маманның айтуынша,  нанокапсуламен қазір Аграрлық университетте қазақстандық ғалым Қайсар Табынов жұмыс істеп жатыр. – Өте қызық бағыт, әзірге толық жүзеге аспады. Бірақ, Израиль, Австралия, АҚШ ғалымдары нақты осы бағытты қолға алды. Ол жасала салысымен екпе егу процесі айтарлықтай жылдамдай түседі. Вакцина бұрынғысына қарағанда қолжетімді болады. Бұдан өзге ине, егер кезде тазалықты қамтамасыз ету секілді талаптардан арыламыз. Адам жай ғана капсуланы жұтады. Логистика жағынан ыңғайлы және бұл қосымша қорғаныш қабатының пайда болуына тікелей әсер етеді, – деді кәсіби маман.