Жаңалықтар

«Екпе құжатын сатып аламын»: Танымал актер кешірім сұрады

ашық дереккөзі

«Екпе құжатын сатып аламын»: Танымал актер кешірім сұрады

Белгілі актер Асқар Ілиясов екпе туралы пікіріне инстаграм парақшасы арқылы түсініктеме берді. Ол Тимур Балымбетовке сұқбат беріп, КВИ-ге қарсы екпе туралы ойын ашық айтқан еді. Актер екпені мәжбүр болса ғана алатынын, тіпті болмаса жалған вакцина паспортын жасататынын мәлімдеген. – Егер қатты талап етіліп жатса немесе елден шығу мүмкіндігі болмай қалса, онда еріксіз екпе алармын. Болмаса, пара беріп, жалған екпе құжатын сатып алуым мүмкін. Кім біледі?!, – деді. Осылайша, ол өзінің екпе алуға қатысты көзқарасын ашық айтқан. Алайда көп уақыт өтпей, ол сөзіне түсініктеме берді. – Менің айтқаным – ақымақтық, оны ел алдында айту, әрине, дұрыс емес. Екпе туралы ақпаратқы қанық емеспін. Кешірім сұраймын, – деді.