Атырауда 15-ші қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен екі жұмысшының бірі қаза тапты

Атырауда 15-ші қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен екі жұмысшының бірі қаза тапты

Атырауда 15-ші қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен екі жұмысшының бірі қаза тапты
ашық дереккөзі

Жазатайым оқиға 17 қабатты "Ардагер" тұрғын үй кешенінде лифтінің жөндеу жұмыстары кезінде болған.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 15-қабатта кабина істен шыққан. Нәтижесінде 1981 жылғы ер адам оқиға орнында көз жұмса, 1987 жылғы екінші лифтіні ауыр халде ауруханаға жеткізді. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккен жұмысшының облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде екенін нақтылады.
"Травматикалық шок, бірнеше сынықтар және аралас жарақаттар алды. Қазір операцияға дайындап жатырмыз. Операциядан кейін жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болады", — деп жазылған хабарламада.
Екі жұмысшы да Алматы облысының тұрғындары, "Лифт Инвест" ЖШС қызметкерлері