19 миллионыншы тұрғынның отбасына бағалы сыйлықтар табыс етілді

19 миллионыншы тұрғынның отбасына бағалы сыйлықтар табыс етілді

19 миллионыншы тұрғынның отбасына бағалы сыйлықтар табыс етілді
ашық дереккөзі

Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны болған Жания Азаматқызының отбасына бағалы сыйлықтар табыс етілді, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев жаңа туған нәрестенің ата-анасының үйіне құттықтау үшін барған. Айтулы оқиғаның құрметіне отбасына бір миллион теңге көлемінде сертификат сыйлады. Сондай-ақ бала арбасын, сәбиді күтуге арналған жинақ, жеміс толған себетті сыйға тартқан. Сонымен қатар Жанияның екі үлкен әпкесіне смартфондар сыйлаған. Естеріңізге сала кетейік, еліміздің 19 миллионыншы тұрғынының дүниеге келуі 3 тамызда белгілі болды