Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда жеңіліп, қола жүлде иеленді

Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда жеңіліп, қола жүлде иеленді

Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда жеңіліп, қола жүлде иеленді
ашық дереккөзі
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының жартылай финалында жеңіліп қалды. Финалға жолдама үшін таласта Қамшыбек америкалық боксшы Ричард Торрестен жеңіліп қалды. Осылайша Қамшыбек қола жүлдені иеленді.ъ Еске сала кетейік, Қамшыбекке дейін дзюдошы Елдос Сметов (60 келі), зілтеміршілер Игорь Сон (61 келі) мен Зульфия Чиншанло (55 келі) Қазақстан құрамасының қоржынына үш қола жүлде салған болатын. Осылайша, Олимпиадада 4 қола жүлде иеленген Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 75-орында тұр.