Жүкті әйелін ұрып-соққан ер адам қамауға алынды

Жүкті әйелін ұрып-соққан ер адам қамауға алынды

Жүкті әйелін ұрып-соққан ер адам қамауға алынды
ашық дереккөзі
Елордада алкогольдік ішімдікке тойып алып, төбелес шығарған ер адам 15 тәулікке қамауға алынды. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің мәліметінше, 36 жастағы ер адам әйелінің жұмыстан уақытылы шықпағаны үшін жанжал шығарған. «Зайыбы жұмыстан 15 минут кешігіп шыққан. Үйге бара жатқан кезде күйеуі оны қорқытып, балағаттаған. Алайда жанжал осымен аяқталмай, үйге жеткенде, ер адам келіншегін бір соғып, үйден кетіп қалған. Таңғы 05.00-де үйге оралып, әйелінің аяғы ауыр екеніне қарамастан оны соққыға жыққан. Арашалауға тырысқан енесі де таяқ жейді. Егде жастағы әйел полицияның учаскелік инспекторынан көмек сұрады», - деп баяндады ПД баспасөз қызметінен. Учаскелік инспектор оқиға орнына бірден келіп, ішімдікке сылқия тойған ер адамның агрессиялық әрекетін тоқтатты. Жанжалқой ер адамға қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды. Бұдан басқа, оның тәртібіне бір жылға ерекше талап орнатылған. Сот шешімімен, ер адам 15 тәулікке қамауға алынды.