Президент өңірлік деңгейдегі судьялар арасында ауыс-түйіс жасады

Президент өңірлік деңгейдегі судьялар арасында ауыс-түйіс жасады

Президент өңірлік деңгейдегі судьялар арасында ауыс-түйіс жасады
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлық бойынша Петропавл қалалық сотының судьясы болған Ербар Қалелұлы Қалиев Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына төраға болып тағайындалды. Сондай-ақ, Нұрлан Зұлпыхарұлы Биболов Шымкент қаласы сотының судьясы қызметінен бостылып, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына төраға болып бекітілді. Президент жарлығындағы кадрлық ауыс-түйіс барлық облыстардың сот алқасын қамтыды деуге болады. Құжаттың толық мәтінін мына жерден көруге болады.