Жамбыл облысы әкімінің орынбасары дүниеден өтті

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары дүниеден өтті

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары дүниеден өтті
ашық дереккөзі

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек өмірден өтті. Бұл ақпаратты облыс әкімінің баспасөз қызметі растады.

Ресми мәліметке сенсек, 58 жастағы облыс әкімінің орынбасары тыныс алудың қиындауынан көз жұмған. Ұлан Жазылбек 1962 жылы туған. 1984 жылы Алматы сәулет және құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы, ал 2009 жылы Қонаев атындағы университетті «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1984 жылы бастаған ол әр жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды. Мемлекеттік қызметте де мол тәжірибесі бар. Алматыдағы сәулет-құрылыс бақылау департаментіні сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің бас маманы, басшысы (2005-2009), «Қорғас» халықаралық шекаралық әріптестік орталығы» АҚ департамент директоры, «Қорғас-сервис» ЖШС құрылыс бөлімінің басшысы (2009-2011), Алматы қаласындағы сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті басшысының орынбасары (2011-2013), ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары (2013-2014), ҚР Ұлттық экономика министрлігінің инфрақұрылым және экономиканы дамыту департаментінің директоры (2014-2017) болды. 2017 жылғы шілде-қарашада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту департаментінің директоры болып жұмыс істеді, 2017 жылғы қарашадан бастап 2020 жылғы ақпанға дейін Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарды. Қазіргі қызметін 2020 жылдың мамыр айынан бері атқарып келген.