Түркияда 163 орман өртінің басым бөлігі сөндірілді – министр

Түркияда 163 орман өртінің басым бөлігі сөндірілді – министр

Түркияда 163 орман өртінің басым бөлігі сөндірілді – министр
ашық дереккөзі
Түрік өрт сөндірушілері соңғы аптада елдегі орман өртінің басым бөлігін бақылауға алды, – деп хабарлады Анадолы ақпарат агенттігі. Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирлидің мәлімдеуінше, 28 шілде мен 3 тамыз аралығында елдің 38 провинциясында болған 163 өрттің 152-сі сөндірілді. Министр табиғи апатпен күрес жолында 16 ұшақ, 9 ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараты, 51 тікұшақ, бір ұшқышсыз басқарылатын тікұшақ, 805 автоцистерна, 155 экскаватор және 5200 арнайы қызметкер жұмылдырылғанын айтты. Пакдемирли орман өртін сөндіруге тартылған амфибия-ұшақтардың саны 3-тен 6-ға дейін, ал тікұшақ саны – 45-тен 57-ге дейін өскенін қосып өтті. Оның айтуынша, өртті сөндіруге барлығы 72 ұшу аппараты тартылды.