Алматыда қойма өртеніп жатыр

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Алматыда қойма өртеніп жатыр
ашық дереккөзі
4 тамыз күні сағат 09:39-да Алматы қаласы Алатау ауданындағы Немирович-Данченко 21 мекенжайында қойма өртенген. Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. «Өрт сөндірушілер келген кезде ангар тәрізді қойма жанып жатты, өрттің көрші қоймаларға өту қаупі туды. Дереу өрт оқпандары енгізілді, гидранттарға автоцистерналар орнатылды. Өрт орнында штаб құрылды, шығыс және оңтүстік жақтардан екі әскери учаске жасақталды», - деп мәлімдеді Алматы қалалық ТЖД.