Еркін күрестен Нұрислам Санаев Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады

Токио Олимпиадасында еркін күрес бойынша сайыстар басталды, – деп жазды Olympic.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде балуандар кілемге шықты.

Қазақстан құрамасынан Нұрислам Санаев алғашқы кездесуін Гвинея-Бисау елінің өкілі Иуна Фафе Диамантиноға қарсы өткізді. Тартысты кездесу 7:0 есебімен отандасымыз Нұрислам Санаевтың еншісіне шешілді.

1/8 финалды сәтті аяқтаған Нұрислам Санаев ширек финалда әлем чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен кездеседі.

Back to top button