4 тамыз: маңызды оқиғалар күнтізбесі

4 тамыз: маңызды оқиғалар күнтізбесі

4 тамыз: маңызды оқиғалар күнтізбесі
ашық дереккөзі
1974 жылы 4 тамызда Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 1918-1920 жылдардағы бірінші дүниежүзілік соғыс пен азаматтық соғыс кезінде Қазақстанда болған оқиғалар туралы жазған «Қан мен тер» трилогиясы СССР Мемлекеттік сыйлығын иеленді. 2003 жылы Астанадағы Республикалық клиникалық ауруханада әлемде тұңғыш рет жұлынның жүйке клеткаларын трансплантациялау бойынша операция өткізілді. Пациент екі жыл бойы аяғын сезбеген болатын. Операциядан кейін екінші күні оның аяқтарына жан кірді. Операцияны сол кездегі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, профессор Жақсылық Досқалиев өткізді. 2004 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасы құрамындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы құрылды. 2011 жылы «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының республикалық одағы ҚР Тұңғыш Президентінің Музейіне алтын қылышты сыйға тартты. Ол Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің 2008 жылы Қырғызстанда өткен жас патриоттар халықаралық жиынының жоғары ресми наградасы ретінде табысталған болатын. 2013 жылы Тегеранда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан сайланған Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Руханидің инаугурациясы рәсіміне қатысты. 2016 жылы Алматыда перзентханалар мен перинаталдық орталықтарға арналған жаңа медициналық сервис іске қосылды. Ол нәресте туған кезде бала туралы электронды деректерді енгізіп, арнаулы білезікке жапсырылып, нәрестенің қолына байлап қоюға арналған. Осы сервистің арқасында білезіктердің желімінің ажырауы, балалардың ауысып кетуі тоқтады. Өйткені білезіктегі арнаулы ілмек оның жоғалуына, деректердің алмасып кетуіне жол бермейді. 2016 жылы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының астанасы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында Қазақстанның туы көтерілді. Риода 104 спортшы Қазақстанның намысын қорғады. Олимпиадада медальдардың рекордтық жиынтығы (306) ойнатылды. Ойындарға 207 ел қатысты, оның ішінде Косово мен Оңтүстік Судан алғаш рет жарыс жолына шықты. 2017 жылы Қазақстанда алғаш рет ЕС-145 тікұшағының (FNPT III) ұшу-навигациялық тренажерінде ҚР Әскери әуе күштерінің ұшқыштары жаттыға бастады. Тренажер экипаждың кәсіби дайындығының сапа деңгейін арттырып, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 2017 жылы Астанада ерекше қажеттілігі бар адамдардың қатысуымен «Blind Race Astana - Paris» веломарафоны басталды. Велошабандоздар алты елдің: Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша, Германия, Франция елдерінің шекарасынан асып, 30 қаладан өтті. Нашар көретін және зағип велосипедшілер марафон барысында 5 000 шақырымды еңсерді. 2018 жылы Арменияда өткен «Достастық жауынгерлері» әскери-кәсіби халықаралық сайысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің командасы бірінші орынды иеленді. Байқауға Армения, Беларусь, Грекия, Иран,