Президент еліміздің 19 миллионыншы тұрғынын құттықтады

Президент еліміздің 19 миллионыншы тұрғынын құттықтады

Президент еліміздің 19 миллионыншы тұрғынын құттықтады
ашық дереккөзі
Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния – отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!», - деп жазды Мемлекет басшысы.