Үш баласымен бірге жоғалып кеткен әйел табылды

Үш баласымен бірге жоғалып кеткен әйел табылды

Үш баласымен бірге жоғалып кеткен әйел табылды
ашық дереккөзі
30 шілде күні жоғалып кеткен әйел балаларымен бірге Жаңаөзеннен дін аман табылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаменті хабарлады. 2 тамызға қараған түні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Дилбар Тілеулесованы үш баласымен Маңғыстау станциясының желілік полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері тапты. Естеріңізге сала кетейік, 30 шілде күні Дилбар Тілеулесова үш баласымен бірге Маңғыстаудан Шымкентке пойызбен баруды жоспарлаған. Алайда стансаға дейін жетпеген.