Президент Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялап, бір күн уақыт берді

Президент Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялап, бір күн уақыт берді

Президент Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялап, бір күн уақыт берді
ашық дереккөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді, деп жазды Берік Уәли.