Айнұр Тұрсынбаева Оразалы Досбосыновтың ұлына көлік мінгізді

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Оразалы Досбосыновтың ұлына көлік мінгізді. Бұл туралы айтыскер Балғынбек Имашев instagram-дағы парақшасынды жазды.

Айтыстың оғланы Оразалы досымыздың ұлы, тұлпардың тұяғы, сұңқардың қияғы, асылдың сынағы Нұрсұлтан інімізге @aidyn_nury Айнұр досым су жаңа БМВ көлігін сыйға тартты.
Оразалының астына ат мінгізгеннен артық қуанып отырмын!
Көзіме ыстық жас келіп, көңілім босап қалды.
Алла разы болсын, Айнұр! Айтыстың аққуы, Алаштың ақ туы!
Әкеден де, анадан да ерте қалған Нұрсұлтан мен Нұрайшаның басынан сипаған, қолын қақпаған, жомарт пейіліңе, достығыңа, мәрттігіңе ризамыз!
Еркекпіз деп жүрген бізден артық іс жасап, қыз да болсаң ел жүгін арқалап жүрсің. Алла тілеуіңді берсін!

…Жақсылық жасау үшін бай болу міндетті емес, мейірімді болу жеткілікті! – деп жазды Балғынбек Имашев (автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған).

Back to top button