Алексей Цой: Вакцина алуы керек халықтың 55 пайызына екпе салынды

Елімізде 5 миллионнан астам халық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын салдырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта 9,4 млн доза вакцина қолданылған. Оның бірінші компонентін 5 480 094 адам салғызды, бұл – вакцина алуы тиіс халықтың 55,4 пайызы. Екінші компонентімен 3 941 941 адам немесе тиісті халықтың 39,8 пайызы қамтылды», – деді министр Үкімет отырысында.

 

Back to top button