Вакцина алған елорда тұрғындары бағалы сыйлықтар ұтып алды

Вакцина алған елорда тұрғындары бағалы сыйлықтар ұтып алды

Вакцина алған елорда тұрғындары бағалы сыйлықтар ұтып алды
ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцина алған тұрғындар арасында апта сайын бағалы сыйлықтар ойнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

31 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде iPhone12 телефонының тағы 2 данасы және басқа да бағалы сыйлықтардың төртінші легі ойнатылды. Ұтысқа 24 шілде мен 30 шілде аралығында вакциналау пунктерінде (медициналық мекемелер, сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері) егілген барлық азамат қатысты. Вакциналанғандар ұтыс ойынына автоматты түрде қатысады. Арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Жеңімпаздар: iPhone 12 телефондары: № 12016 – Күлшара Ибраева және № 6159 – Бекзат Өтеуов; «Sulpak» дүкенінің тоңазытқышы: № 8998 – Валентина Ясневская; «Sulpak» дүкенінің теледидары: № 89 – Зулхия Шакубаева; «Sulpak» дүкенінің микротолқынды пеші: №12902 – Нұралин Рүстем.
«Қала әкімдігі демеушілер есебінен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындарын апта сайын өткізеді. Енді 28 шілдеден 6 тамызға дейін (қоса алғанда) вакциналанғандардың арасында тағы 3 iPhone12 ойнатылады. Аталған ұтыс ойынына «Абу Даби Плаза», «Керуен», «Сарыарқа» сауда, ойын-сауық орталықтарында және оларға бекітілген БМСК ұйымдарында – №2, 9 және 14 қалалық емханаларда вакциналанған азаматтар қатысады. Бұл ұтыс ойынының тікелей эфирі 7 тамызда өтеді», - деді қала әкімдігінен.
Ұтыс ойындары апта сайын — жаздың соңына дейін өтеді. Айта кетейік, Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған. Ол жүлде иелерін вакциналанғандардың ID нөмірі арқылы таңдайды.