3 тамызда қандай елеулі оқиғалар болды?
3 тамызда қандай елеулі оқиғалар болды?
(2001) Мәскеуде Каспий құбыр желісі консорциумының мұнай тасымалдау бойынша шарты бекітілді.
(2001) Қазақстанда Түркия әскери күштері бас штабының әскери-техникалық өкілдігі ашылды.
(2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына жұмыс сапары аясында Алматы облысының Іле ауданында «Жетіген-Қорғас» теміржол желісі құрылысының басталуына арналған шараға қатысты.
«Жетіген-Қорғас» теміржол желісі құрылысының жобасы - «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының шеңберінде Алматы облысында жүзеге асырылатын ең ірі жобалардың бірі. Теміржол желісі «Жетіген» стансасынан басталып, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Панфилов аудандарының аумағымен өтіп, Қытай шекарасына барып тіреледі. Бұл теміржол жобасы іске қосылғаннан кейін Ақтау мен Алматыдан Қытайға жүк және жолаушылар тасымалдау аралығы 500 шақырымға дейін қысқарады. Құрылыс кезінде 5500 адам жұмыспен қамтылады. Құрылыстың жалпы құны 147,4 млрд теңге. Құрылыс мерзімі - 45 ай.
(2010) «Арал вагон» ЖШС қазақстандық-ресейлік кәсіпорны 72 тоннаға есептелген ауыр жүк таситын 8 вагон контейнерін «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» АҚ-на тапсырды.
(2010) Астанада Туризм және спорт министрлігінің Индустрия және туризм комитетінің өкілдері visitkazakhstan.kz ресми туристік порталының тұсауын кесті.
(2010) Жамбыл облысы Құлан ауылында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» трансқұрлықтық дәлізіне цемент-бетон жабыны төселе бастады
(2013) Германиядағы ҚР Елшілігі Гамбург қаласында Қазақстан аумағы арқылы өткен, Қытайдың Женгжоу қаласынан келген «Deutsche Bahn» компаниясының алғашқы тауар пойызын ресми қарсы алу рәсіміне қатысты. Пойыз 15 күнде 11 мың шақырымнан астам жол жүрді, оның ішінде шамамен 3 мың шақырымы Қазақстан аумағы арқылы өтті.
(2016) Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік бойынша IV саммит барысында ҚР Президентінің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін қолдау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен, Оңтүстік Қазақстан облысында «Ақ орамал» акциясы жүзеге басталды.
(2016) БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстан климат бойынша Париж келісіміне қол қойды.
Париж келісімі - БҰҰ негіздемелік конвенциясы аясындағы 2020 жылдан бастап атмосферадағы көмір қышқыл газдарын төмендету шараларын реттейтін ауа райы өзгерістері жайлы келісім.