"Әдемі-ай" компаниясының директоры қызына құны бес жүз байтал болатын сәукеле тіктірді

"Әдемі-ай" компаниясының директоры қызына құны бес жүз байтал болатын сәукеле тіктірді

"Әдемі-ай" компаниясының директоры қызына құны бес жүз байтал болатын сәукеле тіктірді
ашық дереккөзі

Белгілі коллекционер-этнограф, "Әдемі-ай" ұлттық кәдесыйлар компаниясының директоры Бахаргүл Төлеген қызы Әдеміге арнап құны бес жүз байтал болатын сәукеле тіктірді. Ел назарын аударған сәукеленің қалай тіктірілгенін ол stan.kz-ке берген сұхбатында айтқан.

 width= Сәукеле мемлекет қайраткері, этнограф Өзбекәлі Жәнібековтың "Қазақтың ұлттық киім-кешектері" атты кітабындағы қазақ қыздарының қалыңдық киімінің түпнұсқасы негізінде тігіліпті.
"Сәукеле бас киім ғана емес, ұлттық салт-дәстүріміздің озық үлгісі. Күні бүгінге дейін ата-бабаларымыз тек ғана ұзатылатын қыздарға кигізіп, құрметпен қараған баға жетпес отбасылық жәдігер. Бір жағынан, өнердің қадірін ұғынатын жан ретінде, ұлттық өнерімізді ел арасында дәріптей отырып, азаматтық парызымды өтеуді жөн санадым. 18-19-ғасырлардағы ата-бабаларымыздың қолданған сәукелесі негізінде жасалған Әдемінің сәукелесінің биіктігі – 40 см. Бұрындары ұзатылатын қыздың әкесінің дәулеті сәукелеге қарап бағаланатындықтан, оған айрықша мән беріп, қаншама айлар, жылдар жасататын болған. Бұл сәукеленің жасалуына да жарты жылға жуық уақыт кетті. Формасын жасап, тігіп шыққан тігіншілер болса, бетіндегі күмісін зергерлер жасап шықты. 5 кг күміспен күптеліп, алтын жіптермен апталып тігілген сәукеле елдің назарын ерекше аударды. Әдемінің сәукелесі бұлғынның терісімен көмкеріліп, ақұқ тастармен өрнектелді. Екі шекелігіне де ақұқ тастар әсемделіп орнатылды. Ақұқ тасын бұрындары қалыңдық тіл көзден аман, бай әрі қуатты болсын деген ниетпен қолданған. Біз де осы мақсатты көздедік. Шетелдің коронасына еліктегенше, баға жетпес өз құндылықтарымызды дәріптей білсек, аманатқа адалдық танытқанымыз", – дейді Бахаргүл Төлеген.