Жаңалықтар

Түркиядағы өртті террористік ұйым өз мойнына алды

ашық дереккөзі

Түркиядағы өртті террористік ұйым өз мойнына алды

"От балалары" террористік ұйымы Түркиядағы орман өртін қолдан жасағанын мойындады, деп хабарлайды Yeni safak басылымы. Ұйым әлеуметтік желідегі парақшаларында орман өртін өз мойнына алды. "От балалары Түркияның туристік аудандарындағы диверсияның жауапкершілігіен өз мойнына алады", - деп жазылған хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, 29 шілде күні елдің оңтүстігіндегі курорттық қалаларда орман өрті таралды. 5 күнге созылған өрттен 8 адам қайтыс болды.