Шымкент қалалық туризм басқармасына басшы тағайындалды

Шымкент қалалық туризм басқармасына басшы тағайындалды

Шымкент қалалық туризм басқармасына басшы тағайындалды
ашық дереккөзі

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Шымкент қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы қызметіне Ерлан Қыдыров тағайындалды, деп хабарлады inform.kz.

Ерлан Қыдыров 1991 жылы дүниеге келген. 2013 жылы Малайзияның Лимкоквинг креативтік технологиялар университетін «Экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесі» мамандығын бойынша бітірген. Еңбек жолын «KazPowerCorporation» ЖШС директоры болып бастаған. Әр жылдары ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы инвестициялық жобаларды қолдау бөлімінің бас маманы, ОҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы сыртқы байланыстар бөлімінің бас маманы, ТО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы, «Turkistan Invest» стратегиялық жоспарлау және мониторинг басқармасының басшысы, Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.