Қазақстан мен Қырғызстан заңсыз миграциямен бірлесіп күреседі
Қазақстан мен Қырғызстан заңсыз миграциямен бірлесіп күреседі
Қазақстан мен Қырғызстан заңсыз миграциямен күрес жөніндегі үкіметаралық келісімін қабылдады.
Құжатқа Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов және оның қырғыз әріптесі Курсан Асанов қол қойды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Келісім екі ел арасында әріптестік орнатуға құқықтық негіз береді, атап айтқанда заңсыз миграциямен күресті, Қазақстан мен Қырғызстанда заңсыз жүрген адамдарды ұстап, оны тезірек департациялау ісін жеңілдетеді.