2020 жылы 1,6 миллиард медицина маскасы мұхитқа түскен

2020 жылы 1,6 миллиард медицина маскасы мұхитқа түскен

2020 жылы 1,6 миллиард медицина маскасы мұхитқа түскен
ашық дереккөзі

Пандемия экологияға да ауыр зардап әкелуі мүмкін: биыл өндірілген 52 миллиард медицина маскасының 1,6 миллиарды Дүниежүзілік мұхитқа түскен. Oceans Asia мұхитты қорғау тобы осындай қорытындыға келді, оның есебі ұйымның сайтында жарияланды, деп хабарлайды lenta.ru.

Эко-белсенділердің пікірінше, бұл мұхиттардың 4680-6240 тонна пластикпен қосымша ластануына әкеп соғады.  Уақыт өте келе маскалар пластиктің микроскопиялық бөлшектеріне айналады, бұл мұхиттардың экожүйелеріне айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін.
"Мұхиттың ластануы жыл сайын шамамен 100 000 теңіз сүтқоректілері мен тасбақаларды, миллионнан астам теңіз құстарын және одан да көп балықты, омыртқасыздарды және басқа жануарларды өлтіреді", — деді Гари Стокс, Oceans Asia операциялық директоры.
Белсенді ластану балық шаруашылығы мен туризм индустриясына теріс әсер ететінін және әлемдік экономикаға жылына шамамен 13 миллиард доллар шығын әкелетінін атап өтті. Мұхиттың ластануына қарсы шаралардың бірі ретінде ұйым  қайта пайдалануға болатын маскаларды қолдануды ынталандыруға кеңес берді. Ұйым қытайлық және америкалық ғалымдардың пандемия кезінде экологияның жақсарғаны туралы мәлімдемелерін жоққа шығарды. Мамандардың айтуынша, қатаң карантин кезінде ауадағы зиянды заттардың мөлшері азаймаған.