Жаңалықтар

Маңғыстау мұнайшылары жалақыларын 70%-ға көтеруді талап етті (видео)

ашық дереккөзі

Маңғыстау мұнайшылары жалақыларын 70%-ға көтеруді талап етті (видео)

Маңғыстауда "Емир-Ойл" ЖШС мұнай өндіру компаниясының жұмысшылары жалақыларын 70%-ға көтеруді талап етіп, видео жариялады, деп хабарлайды lada.kz. - Қымбатшылыққа байланысты жағдайымыз нашарлады, осыған байланысты жалақымызды 70 пайызға арттыруды сұраймыз. 1 шілдеде біз өз талаптарымызды қойдық, бірақ бізге жалақы тек 10 пайызға арттырылатынын айтты. Облыс әкімдігі бізге ешқандай жауап бермеді. Біз жалақыны 70 пайызға арттыру туралы талап қанағаттандырылады деп сенеміз", - деді мұнай компаниясының жұмысшылары видеода. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы "Емір-Ойл" ЖШС қызметкерлерінің бейнеөтінішінен кейін олардың жалақысы 10 пайызға көтерілген болатын. https://youtu.be/qbtX6q7e3r4