Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде күн 43 градусқа дейін ысиды

Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде күн 43 градусқа дейін ысиды

Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде күн 43 градусқа дейін ысиды
ашық дереккөзі
2-5 тамыз аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде күн қатты ысиды, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Иран аудандарынан келетін ыстық және құрғақ ауа массасы елдің батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды. Бұл өңірлерде әлі де өте қатты ыстық сақталады – 35-40, кей жерлерде 43°С-қа дейін. Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді және ауа температурасы аздап төмендейді. Күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста ауа температурасы 23-33°С аралығында болады.