Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде күн 43 градусқа дейін ысиды
Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде күн 43 градусқа дейін ысиды
2-5 тамыз аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде күн қатты ысиды, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Иран аудандарынан келетін ыстық және құрғақ ауа массасы елдің батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды. Бұл өңірлерде әлі де өте қатты ыстық сақталады – 35-40, кей жерлерде 43°С-қа дейін.
Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді және ауа температурасы аздап төмендейді. Күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста ауа температурасы 23-33°С аралығында болады.