ПТР тест қорытындысын сатпақ болған азамат 2 жылға сотталуы мүмкін

ПТР тест қорытындысын сатпақ болған азамат 2 жылға сотталуы мүмкін

ПТР тест қорытындысын сатпақ болған азамат 2 жылға сотталуы мүмкін
ашық дереккөзі
Коронавирусқа қарсы ПТР тест қорытындысын қолдан жасап сатпақ болған 34 жастағы өскемендік интернетке таратқан хабарландырудың ізімен қолға түсті. Оқиғаның мән-жайын Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтып берді. «Өскеменде полицейлер коронавирус жұқтырмағаны туралы ПТР тест анықтамасын ешқандай зертханалық талдаусыз-ақ рәсімдеп беретінін жарнамалап, хабарлама таратқан 34 жастағы жігітті ұстады. Бұл қызметі үшін ол 15 мың теңге сұраған. Қазір алаяқтық фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл бап бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - дейді министрліктің баспасөз өкілі.