15 мың теңгеге вакцина паспортын сатқан медицина мамандары ұсталды

15 мың теңгеге вакцина паспортын сатқан медицина мамандары ұсталды

15 мың теңгеге вакцина паспортын сатқан медицина мамандары ұсталды
ашық дереккөзі
Полиция Шығыс Қазақстан облысында 30-дан астам адамға жалған вакцина паспортын сатқан мемдицна қызметкерлерін ұстады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты. «Шығыс Қазақстан облысының полицейлері вациналау паспортын сату әрекетінің жолы кесті. Семей қаласында жедел іздестіру шарасын жүргізу кезінде екі медициналық қызметкердің жалған құжат сатып, ақша таппақ болғаны анықталды. Ол үшін қаладағы медициналық-әлеуметтік мекемелердің бірінде жұмыс істейтін бір қызметкер өзінің есепшотына жекелеген азаматтардан 15 мың теңге көлемінде ақша қабылдап отырған. Ол ақшаның 10 мың теңгесі мен құжатқа тапсырыс берген азаматтың жеке куәлігінің көшірмесін жедел медицицналық жәрдем орталығындағы таныстарына беріп келген. Олар әлгі азаматтардың жеке мәліметтерін вакцина алған адам ретінде деректер базасына енгізген», - деді ІІМ өкілі. Қазір аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, жалған паспорт жасатқандардың нақты санын анықтау жұмысы жүріп жатқан көрінеді. «Қылмыстық іс аясында заңнан аттаған азаматтар анықталып, тергеліп жатыр. Ұсталған мамандардың айтуынша, олар 30-дан астам қала тұрғынына жалған вакцина құжатын сатқан. Бірақ тергеуші мамандардың пікірінше, бұл сан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Тергеу қорытындысы бойынша заңсыз жолмен базаға енгізілген жалған мәліметтердің бәрі жойылады. ШҚО полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев айтқандай, медициналық қызметкерлердің бұл әрекеті Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша қаралып жатыр. Бұл бап 4 жылға дейін бас бостандығына айыру жазасын көздейді», - деді Шұғыла Тұрлыбек.