Жаңалықтар

Мадоннаға арнайы киім тіккен қазақ Chanel сән үйінде жұмыс істейді

ашық дереккөзі

Мадоннаға арнайы киім тіккен қазақ Chanel сән үйінде жұмыс істейді

Түркия қазақтарының арасында атадан ба­лаға мұра болып қалған ата кәсіп – теріден киім тігу ісін жалғап жүргендер баршылық. Тері­ден киім тігу шебері Мұстафа Услуджан жиырма жасында Францияға көшіп, он бес жыл­дай Louis Vuitton сән үйінде теріден киім тігетін топтың басқарушысы қызметін атқарып, сосын Balenciaga-ға жұмысқа ауысқан. Есімі әлемге мәшһүр америкалық әнші Мадоннаға ар­найы киім тіккен ол қазір Chanel компания­сында жұмыс істейді. Алдағы уақытта Франция­д­ан Қа­зақстанға арнайы келіп, қазақ бала­ларына тері­ден түрлі бұйым жасауды үйретуді мақсат етіп жүрген қандасымызға хабарласып, әңгі­ме­ге тартқан едік. – Chanel-ге дейін де әлемге әйгілі фран­цуздық сән үйлерінде жұмыс істе­ген екенсіз... – Францияда бұл индустрияда тігін­шілердің жиі жұмыс ауыстыруы – қалыпты жағдай. Бұл футболда ойыншыға бір ко­мандадан екіншісіне ауысуға мүмкіндік беретін трансфер терезесі іспетті. Біздің ком­панияда шешуші рөл атқаратын сти­листер және моделистермен тығыз жұмыс істейтініміз айтпаса да түсінікті. Мо­де­листер бізге киім үлгісін сызып берсе де, «Мы­на жерін былай өзгертсек қайтеді? Ана жер­ді былай тіксек қалай?» деп өз ұсы­ны­сымызды айтып отырамыз. Сөйтіп, олар біздің айтқанымызға құлақ асып, киім үлгісіне өзгертулер енгізеді. Осылайша жақ­сы қарым-қатынас орнатып алғандықтан, олар бізді өздеріне жақын тартады. Мо­делистер де біз секілді жұмысын жиі ауыс­тырады. Олар барған жерінде «Мұстафаны жұмысқа шақырсаңыз болады. Ол киімді жақ­сы тігеді. Екеуіміз бір жерде жемісті еңбек еттік. Жақсы араласамыз» дегендей ұсы­ныс білдіреді. Сөйтіп, олардың басшы­лы­ғы бізді жұмысқа шақырады. Сондай-ақ, стилистердің өздері де хабарласып, жұ­мыс­қа шақыруы мүмкін. Жұмыс жағдайы, жа­лақы мөлшері көңілімізден шықса, ойлан­бас­тан жұмыс орнымызды ауыстыра­мыз. Мы­салы, қыркүйек айында тағы бір жерге жұ­мысқа шақырды. Оны да қарастырып көр­мекпін. Сол секілді мұнда тігіншілер бір жерде нәбәрі үш ай немесе үш жыл я бол­маса мен секілді Louis Vuitton-да он бес жыл жұмыс істеуі мүмкін. Бұл – таңғаларлық жайт емес. [caption id="attachment_152230" align="alignleft" width="212"] – Сондай-ақ, нені армандай­ты­ныңыз­ды сұрағанымда Қазақстандағы жастарға тері өңдеу технологиясын үйретіп, киім тігудің шебері етуді мақ­сат тұтатыныңызды айт­тыңыз. Сонда тері­ден қалай киім тігу керек екенін Париж­ден арнайы келіп үйретпекшісіз бе? –Иә. Мен Қазақстанға бірнеше рет бардым. Сол кезде теріден жасалған киімдер сапасының онша емес екенін байқадым. Сондықтан қандай маман иесі боларын білмей жүрген я болмаса жоғары оқу орнында оқуға қалтасы көтермейтін жастарға теріден киім тігудің қыр-сырын үйреткім келеді. Жоғарыда айтып өтке­німдей, мен киім тігуді он үш жа­сымнан бастап үйрендім. Жастарды қайрат-жігерге толы, жалындап тұрған шағында белгілі бір кәсіпке баулыған дұрыс. Мен Францияға қонақ ретінде қыдырып я болмаса жұмыспен келген қазақтарға үнемі «Қазір жасымыз 55-60-қа келіп қалды. Енді қалған ғұмырымызды Қазақстандағы балаларға теріні қалай кептіретінін, қалай пішетінін, сосын қалай тігетінін үйретуге арнасақ деп едік» деп айтамын. Әзірге, нәсіп болмай тұр. Осыдан екі жыл бұрын киімді мықты тігетін бір жолдасым атажұртқа теріден киім тігу­ді үйретемін деп барған еді, бірақ жоспары іске аспады. Десек те, Louis Vuitton, Balenciaga, Chanel секілді компа­ния­лар­да тынбай еңбектеніп жүріп, жиған-терген тәжірибеміз бар, әкемізден үйрен­геніміз бар, осының барлығын қазақ бала­лары­на үйреткім келеді. Түркияда өсіп-өнсек те, жиырма жасымнан бері Фран­цияда жүрсем де, Қазақстан десе елеңдеп отыратынымыз рас. Алматы немесе Нұр-Сұлтан қалалары­нан тігіншілік­ке баулитын мектептер ашсақ, оған он алты немесе он жеті жастағы балаларды қабылдап, оларға барлығын ба­сынан бастап үйретсек, шіркін. Түркия мен Францияда тері арзан бағаға сатылады, соны Қазақстанға өзімізбен бірге алып бар­сақ дейміз. Сосын бұл кәсіпке әбден машық­танған ісмер қандас Фран­цияға ша­қыры­лып жатса, сондағы әлемнің мықты компа­ния­лары бізді қалай жиі жұмысқа шақырса, оған да көп тапсырыс беріп жатса нұр үс­тіне нұр емес пе?! Өткен­де Қазақ­станнан Фран­цияға келген Ханым деген кісі «Мұның бар­лығын Үкімет арқылы істеу керек» деп ақы­лын айтқан еді. Осы орайда осы мақ­сат­ты іске асыру үшін Қа­зақ­стан Үкіметі бізге көмек қолын ұсынса дейміз.