Токио-2020: Ағайынды Емельяновтар В финалында бақ сынайды

Токио Олимпиадасында ерлер мен әйелдер арасында байдарка мен каноэ есуден сайыстар жалғасып жатыр, – деп жазды Olympic.kz.

Байдарка мен каноэде есуден ерлер арасында 1 000 метр қашықтағы ширек финалдың сындары аяқталды.

Бұл санат бойынша Қазақстан сапынан ағайынды Сергей мен Тимофей Емельяновтар қатысты. Ширек финалдың нәтижесі бойынша Қазақстан 3:55.157 көрсеткішімен төртінші орыннан көрінді. Мұндай нәтиже А финалына жолдама алуға жеткіліксіз болғандықтан, қазақстандық дуэт В финалында бақ сынайды.

В финалы 3 тамыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 8:45-те өтеді.

Back to top button