Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан білім алады – фейк

Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан білім алады – фейк

Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан білім алады – фейк
ашық дереккөзі
«Білім және ғылым министрінің мәлімдеуінше, оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан білім алады» деген ақпарат жалған. ҚР Білім және ғылым министрлігі желіде таралған осы ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлады ведомствоның Telegram каналы. «Әлеуметтік желілерде «жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында оқушылар қашықтан білім алады екен, бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мәлімдеді» деген жалған ақпарат тарап жатыр. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды», – делінген хабарламада.