Конор Макгрегор мүгедек арбасында жекпе-жекке шықпақ

UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор мүгедек арбасында ирландиялық пародист Эль Форанмен жекпе-жек өткізбек.

11 қыркүйек күні арбаға таңылған мүгедек сықақшы Стиво Тимоти Ирландияда бокс кешін ұйымдастырады, – деп жазды Sports.kz.

Кештің негізгі айқасында Стиво Тимотидің өзі өнер көрсетеді, тағы бір маңызды жекпе-жек Форан мен Макгрегор арасында болмақ. Айқас стандартты бокс ережесіне сай өтеді.

Кештен түсетін барлық қаражат Ирландияның арбаға таңылған мүгедектер ұйымына табысталады.

Back to top button