Токио-2020: Қазақстандық спортшылардың бүгінгі жарыс кестесі

Токио-2020: Қазақстандық спортшылардың бүгінгі жарыс кестесі

Токио-2020: Қазақстандық спортшылардың бүгінгі жарыс кестесі
ашық дереккөзі
Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Жазғы Олимпиадада 2 тамызда қазақстандық спортшылардың қатысуымен болатын ойын кестесі жарияланды. 2 тамызда қазақстандықтар спорттың алты түрінен сайысқа түседі. Олардың қатарында байдарка мен каноэде ескек есу, жеңіл атлетика, грек-рим күресі, оқ ату, синхронды суға жүзу, cу добы бар. 06:58 Байдарка мен каноэде ескек есу. Жекелей сын. 200 метр. Әйелдер. Наталья Сергеева 07:05 Байдарка мен каноэде ескек есу. Жұптық жарыс. 1000 метр. Ерлер. Сергей Емельянов, Тимофей Емельянов 07:30 Жеңіл атлетика. 200 метрге жүгіру. Әйелдер. Іріктеу. Ольга Сафронова 08:30 Грек-рим күресі. Ерлер. 1/8 финал. 77 келі. Демеу Жадраев — Сохеи Ябику (Жапония) 08:30 Оқ ату. Үш түрлі тұрыста винтовкадан оқ ату. 50 метр. Ерлер. Юрий Юрков 16:30 Синхронды суға жүзу. Әйелдер. Еркін бағдарлама. Александра Немич, Екатерина Немич 16:50 Су добы. Ерлер. Алдын ала іріктеу кезеңі. Қазақстан — Австралия. Айта кетсек, Қазақстан құрамасында қоржынында қазір үш қола медаль бар. Оны дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло алды.