2 тамыз: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

2 тамыз: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

2 тамыз: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі
ашық дереккөзі
2007 жылы 2 тамызда Сеулде Қазақстан халқы Ассамблеясының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл шараға көрнекті қоғам және саяси қайраткерлер, елдің академиялық және іскер топтарының өкілдері қатысты. Шара аясында «Н.Ә.Назарбаев - этникааралық және ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы», «Н.Ә.Назарбаев. Бейбітшілік пен келісім саясаты» атты кәріс тіліндегі екі кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Шара еліміздің эстрада майталмандары «Ұлытау» тобы және «Наз» би ансамблінің ән шашуымен аяқталды. 2016 жылы Астанада белгілі спортшы, ең көп титулға ие полиция полковнигі, ІІМ құрама командасының капитаны Серік Нұрғалиевке «Қазақстанда полицей бауырмалдығы идеясын ілгерілеткені үшін» медалі табысталды. Запастағы полиция полковнигі Серік Нұрғалиев Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, әлемнің он мәрте чемпионы және рекордшысы, құқық қорғау органдары арасындағы Еуропа чемпионы, құқық қорғау органдары арасындағы әлемдік біріншіліктердің 31 алтын, 5 күміс және 3 қола медальдарының иегері. 2016 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы есебінің мәліметтеріне сәйкес Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойынша Азия елдері арасында 7-орынға ие болды. Бұл ретте БҰҰ жаһандық рейтингінде ТМД-дағы барлық елдерден озып, Қазақстан 33-ші сатыға орналасты. БҰҰ электрондық үкіметті дамыту индексі – азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндігін және әзірлігін бағалайтын кешенді көрсеткіш. 2016 жылы Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасы Климат жөніндегі Париж келісіміне қол қойды. Париж келісімі – БҰҰ-ның Климат өзгеруі жөніндегі конвенциясы аясындағы 2020 жылға қарай атмосфераға шығарылатын көмірқышқыл газын азайтуға бағытталған құжат. Париж келісіміне 175 ел қол қойды. 2019 жылы Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тарихы терең Түркістан» атты ақпараттық туры өтті. Жобаның мақсаты – өңірдегі киелі орындар тізіміне енген нысандарды таныстыру, насихаттау, танымалдығын арттыру, тарихи сананы жаңғырту және ішкі туризмді дамыту. БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі белсенділері баспасөз туры аясында өңірдегі 40 киелі орынға саяхат жасап, жұртшылыққа насихаттады.