Токио-2020: Биіктікке секіру сайысында қос спортшы алтын жүлдені өзара бөліп алды

Токио-2020: Биіктікке секіру сайысында қос спортшы алтын жүлдені өзара бөліп алды

Токио-2020: Биіктікке секіру сайысында қос спортшы алтын жүлдені өзара бөліп алды
ашық дереккөзі
Олимпиада тарихында тұңғыш рет биіктікке секіру сайысында алтын жүлдені екі бірдей спортшы жеңіп алды. Бұл туралы sport.ua жазады. Италиялық атлет Джанмарко Тамбери мен Қатар елінің спортшысы Моатаз Эсса Баршим биіктікке секіру сайысында бірдей нәтиже (2,37 метр) көрсетіп, секіруге беретін мүмкіндікті бірдей пайдаланды. Нәтижесінде төрешілер өзара кім мықтыны анықтау үшін екеуін қайта секірту қажет емес деп санап, екеуі бірдей алтын жүлдеге лайық деп тапты. Сөйтіп, бір сайыста сынға түскен спортшылардың екеуі де Олимпиада чемпионы атанды. Ал қола жүлдені Беларусь елінің өкілі Максим Недосеков иеленді. Максимнің де көрсеткіші – 2,37 метр. Алайда, Олимпиада чемпиондары Максимге қарағанда секіруге беретін мүмкіндікті аз пайдаланған.