Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиаданың жартылай финалына өтті

1 тамыз, 2021 / Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ
ашық дереккөзі
Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиаданың жартылай финалына өтті Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты. Қамшыбек ширек финалда ресейлік Иван Верясовты 4:1 есебімен жеңіп, Олимпиаданың жартылай финалына өтті. Енді Қамшыбек финалға шығу үшін америкалық боксшы Ричард Торреске қарсы жұдырықтасады.