Токио-2020: 1 тамызда қазақстандық спортшылардан кімдер жарыс алаңына шығады

Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Жазғы Олимпиадада 1 тамызда қазақстандық спортшылардың қатысуымен болатын ойын кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 тамызда қазақстандықтар спорттың төрт түрінен сайысқа түседі. Олардың қатарында грек-рим, еркін күрес, жеңіл атлетика және бокс бар.

08:00 Грек-рим күресі. Ерлер. 1/8 финал. 60 келі. Мирамбек Айнағұлов – Жоламан Шаршенбеков (Қырғызстан)

08:00 Еркін күрес. Әйелдер. 1/8 финал. 76 келі. Эльмира Сыздықова – Айпери Медеткызы (Қырғызстан)

08:17 Жеңіл атлетика. 400 метрге жүгіру. Ерлер. Іріктеу кезеңі. Михаил Литвин

15:18 Бокс. Ерлер. 1/4 финал. Әбілхан Аманқұл – Эберт Соуза (Бразилия)

16:24 Бокс. Ерлер. 1/4 финал. Қамшыбек Қоңқабаев – Иван Верясов (Ресей)

Айта кетсек, Қазақстан құрамасында қоржынында қазір үш қола медаль бар. Оны дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло алды. Медальдар кестесі жөнінен Қазақстан әзірге 66-орында тұр.

Back to top button