Токио-2020: Боксшы Сәкен Бибосынов ширек финалға шықты

Токио-2020: Боксшы Сәкен Бибосынов ширек финалға шықты

Токио-2020: Боксшы Сәкен Бибосынов ширек финалға шықты
ашық дереккөзі

Токио Олимпиадасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшы Сәкен Бибосынов ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол Олимпиада ойындарының кезекті кездесуінде франциялық Билал Беннамадан 5:0 есебімен басым түсті.  Айта кетерлігі, оның ширек финалдағы қарсыласы испаниялық Габриэль Эскобар. Қос боксшы 3 тамыз күні жартылай финалдық жолдаманы сарапқа салады.