Токио Олимпиадасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшы Сәкен Бибосынов ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол Олимпиада ойындарының кезекті кездесуінде франциялық Билал Беннамадан 5:0 есебімен басым түсті. Айта кетерлігі, оның ширек финалдағы қарсыласы испаниялық Габриэль Эскобар. Қос боксшы 3 тамыз күні жартылай финалдық жолдаманы сарапқа салады.