Токио-2020: Зәкір Сафиуллиннің қарсыласы жұдырықтасудан бас тартты

Токио-2020: Зәкір Сафиуллиннің қарсыласы жұдырықтасудан бас тартты

Токио-2020: Зәкір Сафиуллиннің қарсыласы жұдырықтасудан бас тартты
ашық дереккөзі
63 келіге дейін жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин Токиода өтіп жатқан Жазғы олимпиада ойындарының ширек финалына өтті. Зәкір 1/8 финалда жапондық Дайсукэ Наримацуге қарсы бокстасуы керек еді, алайда Дайсукэ жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Зәкір келесі айналымға өтті. Айта кетейік, бүгін 52 келіге дейінгі салмақта қолғап түйістірген Сәкен Бибосынов француз Биллал Беннамнан басым түсіп, ширек финалға өткен болатын.