Илья Ильин: Төрешілер бізден күміс жүлдені тартып алды

Илья Ильин: Төрешілер бізден күміс жүлдені тартып алды

Илья Ильин: Төрешілер бізден күміс жүлдені тартып алды
ашық дереккөзі
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин төрешілердің Токио Олимпиадасында қола медаль иеленген зілтемірші Зульфия Чиншанлодан күміс жүлдені тартып алғанын, оған қысым жасалғанын айтады. Бұл туралы ол YouTube-тегі Sports True каналына берген сұхбатында айтты.
«Меніңше, төрешілер атлеттердің 99 пайызына қысым көрсетті. Соның ішінде Зуля (Зульфия Чиншанло) да бар. Зуляның бірінші жаттығуында төрешілер екі ақ түсті және бір қызыл түсті жолақ көрсетуі керек еді. 93 келіні есепке алғанда оның күміс жүлдені иеленуге жақсы мүмкіндігі бар еді. Ал екінші жаттығуында Зуля 126-127 келіні еңсеруге дайын болатын. Оның бірінші ретте көтерген 123 келісін есепке алмай қойды. Меніңше, төрешілер бізден күміс жүлдені тартып алды», – дейді атлет.